Семейде алапат өрт болды

/image/2024/02/06/crop-58_127_813x1084_074610313900.png

Семейде 5 ақпаннан 6 ақпанға қараған түні "Ақшың" сауда орталығы өртеніп, бүгін сағат 11-39-да алапат қызыл жалын әрең дегенде ауыздықталған. Өйткені төтеншеліктер жоғары температура, өрттің ауқымды аумақты алуы, жанғыш материалдардың көптігі, ғимараттың орналасуының күрделілігі және жеке құрамның жұмысына қауіп төндіретін ғимарат шатырының құлау қаупі өрт сөндіру жұмыстарын қиындата түскенін айтады.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Оқиға орнында өрт сөндіру штабы жұмыс істейді. Күштер мен құралдар №3 жоғары дәрежеде қызмет атқаруда. Қазіргі уақытта өртті сөндіруге жеке құрамнан 388 адам, 48 бірлік техника және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда", дейді Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрттің себебі мен алдын ала ауданы әлі анықталып жатыр. 

Сынақ өрт зертханасы зерттеулер жүргізіп жатыр, өрт орнында полиция департаментінің жедел-тергеу тобы мен төтенше жағдайлар департаментінің анықтаушылары жұмыс істеуде.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар