• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 09:38:37
Алматы
+35°

10 Маусым, 2024 NEWS

Сүндеттеліп туған балаларда көп ауру кездеседі. Маман ата-аналарға кеңес берді

Сүндеттеу рәсімі халқымыздың ғасырлар бойы ұстанып келген игі дәстүрінің бірі.

Фото: ашық дереккөзден

Сүндеттеу рәсімі халқымыздың ғасырлар бойы ұстанып келген игі дәстүрінің бірі. Десе де, қазіргі таңда сүндеттеудің лазерлі түрі пайда болғандықтан, халық арасында «Лазерлі сүндеттеу зиян емес пе? деген күмән да жоқ емес. Сондай-ақ баланы тек тақ санда ғана сүндеттеу керек пе? Оның қандай мәнісі бар? деген сұрақтар мазалайтыны рас. Осы орайда, біз бүгін сүндеттеу рәсіміне қатысты тереңірек тоқталатын боламыз.

Ос орайда, этнограф Болат Бопайұлы Ислам дінінде сүндеттеу дәстүрі сонау Ибраһим пайғамбардан бастау алғандығы туралы діни рауаяттар бар екенін әрі бұл рәсімнің маңыздылығы мен шығу тарихы тереңде жатқандығын айтады.

– Ең көне деректердің бірі Мысырдан табылған. Мысыр мумияларында сүндеттеудің іздері бар, жазба деректерінде бұл рәсім шамамен б.з.д. 2400 жылдары болғандығы айтылған. Сондай-ақ еврей мәдениетінде Иудаизмде сүндеттеу Аюп пайғамбардан бері келе жатқан діни дәстүр болып саналады. Бұл рәсім Библияның Ескі өсиетінде де сипатталған. Мұсылман дәстүрінде сүндеттеу Мұхаммед Пайғамбардың сүннеті болып саналады. Сүннетке сәйкес, мұсылман ер балалардың сүндеттелуі міндетті деп есептеледі. Исламда бұл рәсім тазалықтың, діни міндеттің және қоғамға қосылудың бір бөлігі ретінде қарастырылады. Еврей дәстүрінде сүндеттеу Ибраһим пайғамбармен Алла арасындағы келісімнің белгісі ретінде түсіндіріледі. Бұл рәсім нәресте туғаннан кейін жетінші күні жасалады, – дейді этнограф.

Сондай-ақ ол кейбір қоғамдарда сүндеттеу гигиенаны сақтау үшін ислам және иудаизм діндерінде де кездесетінін айтады.

– Ислам және иудаизм діндерінде сүндеттеу діни міндет, азаматтық парыз болып саналады. Исламда сүндеттеу Мұхаммед пайғамбардың сүннеті деп мойындалған. Сүндетке отырған ер адам толыққанды мұсылман бола алмайды деп қарайды. Жалпы түркі халқы мәдениеттерінде де сүндеттеу ер баланың ер жетуінің белгісі мен қоғамдағы мәртебесін көрсету үшін жасалады деп қараған. Сондықтан да сүндеттеу жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мен басқа да аурулардың алдын алуға көмектесетінін, бүгінгі дамыған заманауи медициналық зерттеулер де толық дәлелдеп отыр, – дейді.

Ал уролог Олжас Иманғалиұлы іштен сүндеттеліп туатын балаларда көп ауру кездесетінін айтады:

–Лазерлі сүндеттеу дегеніміз, қанды көп шығармай, лазермен айналдыра күйдіріп шығады. Қазіргі кезде бұл сүндеттеу өте тиімді болып тұр. Себебі, лазерлі сүндеттеу 10-15 минутта ғана жасалады. Енді болашақта оның зардабы тимейді ма? деген сұраққа келсек, таза лазерлі сүндеттеу болса, кесірі тиеді. Ал лазерлі пышақпен сүндеттейтін болса, оның еш зияны жоқ. Баланың жыныс мүшесіне зиян тимейді, тек артық етін алып тастайды.  Әлемдегі ғалымдардың зерттеуі бойынша сүндеттелген ер адамдар мен сүндеттелмеген ер адамдардың әйелдеріне зерттеу жүргізген кезде, сүндеттелмеген ер адамдардың әйелдерінен онкологиялық аурулар көп табылған. Сонымен қатар іштен сүндеттеліп туылған балалар да болады. Бірақ бұл балалардың ауруы да анықталып жатыр. Яғни, зәр шығаратын тесігі қос тесік болып жатады. Біреуі басында болса, бірі жұмыртқасының жанынан пайда болады. Сол себепті, іштен сүндеттеліп туған балаларды ата-аналары міндетті түрде дәрігерге көрсетіп тұруы керек, – дейді уролог маман.

Бифат Елтаева

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: сүндеттеу дәстүр

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір