Ақпараттық серіктестерге арнап жайылған ақ дастархан

/uploads/thumbnail/20170708215555370_small.jpg

Ақпан айы «Қамшы» ақпараттық порталы үшін жағымды кешпен басталды. Сайт әкімшілігі өзінің ақпараттық серіктестеріне арнап қаланың көрнекті демалыс орындарының бірі Rich караоке-барында дастархан жайып, көңілді кеш ұйымдастырды.

Кешке сайтпен тығыз әріптестік байланыс орнатқан компания басшылары мен қызметкерлері шақырылып, «Қамшының» қазақстандық ақпарат кеңістігіндегі өткенімен, жаңа жылға арналған тың жоспарларымен танысты. Қонақтар сайт құрылған күннен бастап атқарған жұмыстар туралы, жалпы қазақ тілді интернет аудитория жайлы арнайы дайындалған видео роликтер, көрнекі буклеттер арқылы мол мағлұмат алды.

Ақ дастархан басындағы жылы жүздесуге келгендерге қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары «Алашұлы» тобы, Олжас Абай, Әсет Есжан, Құрманбек Мағизат сынды әншілер әннен шашу шашты. Кеш жүргізушісі Досхан Сәкенұлы қонақтар арасында көңілді ойындар мен ұтыстар ұйымдастырды. Көңілді отырыста сондай-ақ, қонақтарға түрлі сый-кәделер табысталды.

«Қамшы» ақпараттық порталының ұжымы әріптестік байланыстарды нығайтуға үлес қосып келе жатқан барлық кеш қонақтарына шын көңілден ризашылық білдіреді.

 

Приятный вечер за богатым дастарханом с информационными партнерами портала «Қамшы.kz»

 

4 февраля портал Қамшы.kz вперые провел бизнес ужин с информационными партнерами сайта.

Вечер проходил совместно с администрацией караоке-бара Rich.

В числе приглашенных гостей вечера были партнеры сайта, для которых было новшеством познакомиться и увидеть собственными глазами казахскоязычный сегмент и приятно удивиться скорости его развития. Вечер в формате знакомства за дастарханом проходил в дружественной и уютной обстановке. Приглашенные гости ушли не только с позитивными эмоциями, которые в течение всего вечера дарили звезды казахской эстрады, а именно группа “Алаш ұлы”, Олжас Абай, Ұшқын Жамалбек, Асет Есжан, Құрменбек Мағизат и ведущий вечера известный шоумен Досхан Сакенулы, но с ценными подарками для каждого гостя вечера.

Портал Камшы.kz благодарит за участие в мероприятии, тех парнеров, кто присутвовал.

Начало тесного сотрудничества положено!

Команда портала Камшы.kz всегда открыта для всех партнеров, кто желает войти и успешно работать с казахскоязычной аудиторией!!!

Қатысты Мақалалар