Қарғалыдан қауіп жоқ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708215922467_small.jpg

Алматыда ТЖД-ның қызметкерлері мұз бөгетінің жиналуынан Қарғалы өзенінің деңгейі көтерілмеуін қадағалап тәулік бойы кезекшілік етуде, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

10 ақпанда Алатау ауданындағы «Теплоэнергетик» ЖЭС-2 саяжай қоғамының тұрғыны Қарғалы өзенінің деңгейі көтерілуі ықтимал», - деп телефон соққан.

«Оқиға орнына жеткен ТЖД қызметкерлері мұз бөгетінің қалыңдап, ағып жатқан судың деңгейі көтерілгенін анықтады. Алатау ауданының әкімдігі мен ТЖД қызметкерлері,  құтқарушылар 400 метр аумақты экскаваторлармен тазалап шықты. Аумақтан 216 куб метр қар мен мұз шығарылды», - делінген ТЖД таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда Қарғалы өзенінің осы аймақтағы деңгейі төмендеді. Жақын маңдағы үйлерді су басу қаупі сейілді. Ауа температурасының төмендегеніне байланысты тағы да мұз құрсауы пайда болмас үшін құтқарушылар тәулік бойы кезекшілік етуде.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар