Астаналық студентті азаптау сәті түсірілген видео жарияланды

/uploads/thumbnail/20170708220116937_small.png

3 ақпан күні жоғалып, кеше мүрдесі табылған Астанадағы медициналық унверситеттің студенті Ерасыл Әубәкіровті белгісіз адамдардың азаптап жатқан сәті түсірілген видеосын КТК телеарнасы жариялады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Полицейлер мен еріктілер бір апта бойы іздеген Ерасылдың мүрдесі кеше таңертең Астананың сыртынан табылды. Аяқ-қолы байланған, аузына скотч жапсырылған мүрдені белгісіз біреулер басына пакет кигізіп, қарға көміп кеткен. Осы іске қатысы бар деп қамауға алынған 3 жігіттің біреуінің анасы Сәуле Сатыбалдина өзінің ұлы бұл іске кездейсоқ куәгер болған деп отыр. Оның айтуынша ұлы Нұржанның құжатымен бір танысы коттедж жалға алған. Нұржан сол құжатты алуға барғанда белгісіз жігітті азаптап жатқандардың үстінен түседі. Оқиғаны видеоға түсіріп алады.

Видеоны түсірген жігіттің анасы Сәуле Сатыбалдина: «Бір адамды байлап қойған екен. Сосын ұлым суретке түсіріп алған да қашқан менің балам. Қашқан далаға. Сосын мұны ұстай алмай қашып кетеді. Бірақ ізін жасырған Нұржан тек 2 күннен кейін ғана полицейлерге хабар берген. Полиция еш ойланбастан оның өзін қамап тастады», - дейді.  

Ақтаудан арнайы келген Сәуле Сатыбалдина ұлының тағдырына алаңдаулы. Айтуларынша, Нұржан есімді жігіт осы жантүршігерлік оқиғаның куәгері. Кезінде тіпті ұлдары күдіктілермен бірге прокуратурада жұмыс істеген көрінеді. Ойламаған жерден жантүршігерлік оқиғаның куәсі болған. Енді көз жасы көл болған ана баласының куәгерден қылмыскерге айналып кетерінен қорқады. Оның үстіне басты күдіктінің бірінің ата-анасы Өскемендегі ауқатты отбасылар екен.

Марқұмның туыстары мен достары, ұстаздары оның жат қылықтардан ада үлгілі студент болғанын айтуда. 


 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар