Қапшағайда төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы пара алды деген күдікпен тұтқындалды

/uploads/thumbnail/20170708220147812_small.jpg

Алматы облысы Қапшағай төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Жансерік Әбдікерімов пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының баспасөз қызметне сілтеме жасап.

Ұлттық бюро сонымен қатар, шенеунікпен бірге оның өртке қарсы қызмет майоры шеніндегі тағы бір бағыныштысы тұтқындалғанын хабарлады.

«Әбдікерімов пен Қуандықов алдын ала келісім бойынша бопсалау жолымен «Ақ сарай» дәмханасында анықталған кемшіліктердің жойылғандығы туралы анықтама үшін мың АҚШ доллары көлемінде пара алған», - делінген Ұлттық бюро таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта ұсталғандар Алматы облысы Іле ауданы ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар