Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жазушы және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовпен кездесті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында Қазақстанның қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласындағы қызметінің негізгі бағыттары талқыланды.
Сонымен қатар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлығына қол қойғанына 25 жыл толуы аясында өтетін шараларға дайындық мәселелері қарастырылды.
Нұрсултан Назарбаев күрделі геосаяси жағдайды есепке ала отырып, халықаралық ауқымда бейбітшілік пен қауіпсіздік принциптерін алға жылжытудың маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде, О.Сүлейменов жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалыста мемлекеттердің ғана емес, сонымен қатар қоғамдық ұйымдарды, азаматтық бастамаларды біріктіру қажеттілігіне назар аударды.
Пікір қалдыру