Астанадағы «Абу-Даби Плаза» мұнарасындағы өртті сөндіруге тікұшақ қатыстырылған (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708220321767_small.jpg

Түнде Астана қаласында салынып жатқан «Абу-Даби Плаза» мұнарасында өрт болып, оны сөндіру жұмыстарына көмек көрсету үшін көкке тікұшақ көтерілген, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Құрылысы 2010 жылы басталған, 2017 жылы пайдалануға берілуі тиіс нысанның құрылыс орнында түнде өрт шығып, ол туралы хабар өрт сөндіру қызметіне сағат 04.40-та түскен. Он минут ішінде оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер алапат өртке тап келген. Өрт мұнараның 11-25 қабаттарының аралығын шарпыған.

Өртті сөндіруге барлығы 78 өрт сөндіруші мен құтқарушы, 27 өрт сөндіру-құтқару техникасы, басқа да 12 техника мен Астана қаласы ІІД жеке құрамынан 24 адам жұмылдырылған. Сондай-ақ, өрт ауқымын нақты бағалау үшін «Қазавиақұтқару» ьқызметінің «Еурокоптер-145» тікұшағы әуеге көтерілген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар