Астанадағы «Хан Шатыр» да өртеніп кете жаздады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708220357267_small.jpg

Бүгін кешкі бестер шамасында Астанадағы «Хан Шатыр» ойын сауық-сауда орталығындағы мейрамханалардың бірінде өрт тұтанып, орталыққа келушілер түгелдей сыртқа шығарылған, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Оқиға туралы куәгерлер әлеуметтік желіде жарыса жазуда. Олардың айтуынша, орталықтың үшінші қабатындағы мейрамханалардың бірінде өрт шыққан. Содан шыққан түтін бүкіл орталықтың ішіне жайылған.

Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада, өрт туралы хабар арнайы қызметке сағат 16.45-те түскен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер алты минутта жетіпті. Департамент өрттің орталықтағы «Хардис» дәмханасының ас дайындайтын бөлмесінен шыққанын айтып отыр. Өрт сөндірушілер электржелісінен шыққан өртті сөндіріп, құтқарушылар орталық ішіндегі адамдарды сыртқа шығарған.

Оқиғадан қаза болғандар мен басқа да зардап шеккендер жоқ.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар