Баян Есентаева жариялаған байқаудың финалистері белгілі болды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708220527690_small.jpg

Моңғол баланың әнін айнытпай салған адамға ескі валюта бағамымен 1000 АҚШ долларын берем деген Баян Есентаева байқаудың финалистерін жариялады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Есентаева ханым "Спой точь в точь" байқауының аяқталғанын жариялап, Instagram парақшасында екі финалистің есімін атады.

«Сіздердің талпыныстарыңыз үшін алғыс білдіремін. Достар, мен мына екі фавориттің қайсысы қиын тапсырманы үздік орындап шыққанын анықтауға көмектесулеріңізді сұраймын. Сіздердің дауыстарыңыз жеңімпазды анықтайды. Дүйсенбі күні жеңімпазға 180 мың теңгені табыс етемін», - деп жазады Б. Есентаева.

Баян жариялаған байқаудың екі финалисті де Астана қаласының тұрғындары: студент Бекжан Сауырбаев пен кішкентай Арсен Тахан.

Естеріңізге салсақ, Баян Есентаеваға аталған моңғол баланың әнін айнытпай айту туралы «Қамшы» порталы да байқау жариялаған болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар