Қытайдың Wechat әлеуметтік желісінде алаяқтық әрекеттер кең тарауда

/uploads/thumbnail/20170708220615457_small.png

Қытайдағы рейтингі ең жоғары әлеуметтік желі wechat.com желісінде алаяқтық әрекеттер жиілеп кеткен, - деп хабарлады Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің Бас штабы.

Ведомство таратқан шұғыл хабарламада алаяқтардың белгілі бір адамның атынан парақша ашып, оның желідегі таныстарынан ақша сұрау, басқа да көмек сұрау әрекеттерінің жиілеп жатқаны айтылады.

«Wechat қолданушылары сіздің бас фотоңыз бен қолданған есіміңізді пайдаланып достарыңыздан, таныстарыңыздан ақша сұрауы мүмкін. Сол себепті желі қолданушылары мұндай өтініштерге мұқият қарағаны жөн» делінген хабарламада.

Wechat мобильді коммуникациялық жүйесі Қытайда 2011 жылдан бері жұмыс істейді. 2013 жылы бұл желі қолданушыларының саны 300 миллионнан асқан. Олардың 70 миллионнан астамы Қытайдан сыртқары жерлерде тұратын қолданушылар екен.

Бұл желінің басқа әлеуметтік желілерден айырмашылығы өз ішінде ақша аударымдарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 2016 жылы Қытай жаңа жылын атап өту кезінде осы желімен аударылған қаражат сомасы 2015 жылы paypal қызметі арқылы жасалған аударымдардан асып түскен.

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар