Мыңға жуық «болашақтық» мемлекеттік шәкіртақыдан айрылды

/uploads/thumbnail/20170708220658145_small.jpg

Мемлекеттік «Болашақ» стипендиясымен оқитын 1000-ға жуық адам стипендиядан айрылды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-на сілтеме жасап.

Орталық басшысы Ғани Нығыметовтың айтуынша, олардың 500-і стипендиядан өз еріктерімен бас тартқан. Ал, қалғаны сабақ үлгерімінің төмендігінен, не болмаса, басқа себептерге байланысты стипендиядан қол үзген.

Ғани Нығыметов бұлардың барлығы мемлекет алдындағы қаржылай міндеттемелерін өтеу керектігін айтады.

«Барлық бас тартушылар олардың оқуына мемлекет жұмсаған қаражатты 10 пайыздық айыппұлымен қосып қайтарады. Өйткені, олардың оқуына ата-аналарының жылжымайтын мүліктері кепілдікке қойылған», - дейді ол.

Орталық хабарлағандай, соңғы 3-4 жылда «Болашақ» 15 адам бас тартқан. Қазіргі таңда 43 студенттен оқуға жұмсалған қаражат сот арқылы қайта өндіріліп жатқан көрінеді.

Осы ретте «Болашақ» түлектерінің барлығы бірдей елге оралғасын жұмысқа орналасып кетпейтінін айта кету керек.

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар