Допты хоккейден әлем чемпионатында үшінші орынға таласқан Моңғолия мен Украина хоккейшілері мұз айдыны үстінде төбелесті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
«Б» тобындағы командалар кездесуі 6:5 есебімен Украина пайдасына ақталған соң, моңғолдық хоккейшілер қарсыластарына тап берген. Төбелес полицияның араласуымен тоқтатылған.
Орын алған келеңсіздік үшін Моңғолия құрамасының бас бапкері Банзрагч Жаргал жұртшылықтан кешірім сұрады.
Әлем чемпионатында финалға Германия мен Венгрия командалары шығып, неміс хоккейшілері жеңімпаз атанған болатын.
Пікір қалдыру