Кітап музейін сақтап қалайық!

/uploads/thumbnail/20170708220826442_small.jpg

Қазақтың алғашқы баспа өнімінен бастап барлық баспа тарихы осында тұр. Абайдың алғашқы кітабы, Міржақыптың "Оян, қазағының" қолжазбасы, Абай оқыған, М.Әуезов 10 жыл қолына ұстаған Дреппердің атақты кітабы, Гумар Караштың қолынан 100 бұрын Бөкей Ордасында шығып тұрған "Ұран" газетінін жалғыз тігіндісі, Стамбулда, Қазанда, Петерборда, Ташкенде жүздеген жылдар бұрын шыққан көне Құрандар мен Құранның ондаған қолжазба көшірмелері.... жүздеген сирек кітаптар мен кұнды жәдігерлер,75 мың құнды кітап' Ұлы жазушылардың қолтаңбалары.... Кайсыбірін айта бересің.

Баяғы заманда Ғылманов, Мамажанов, Елеукенов, Есмұрзаев, Сәрсекеев сынды ұлтжанды азаматтардың жанқиярлығымен ашылып, аласапыран кезенде де жан сақтаған Республикалық Кітап Мұражайы айдын-күннің аманында талан-таражға түскелі жатыр. ТМД елдерінде осындай үш-ақ мұражай бар еді. Петерборда, Киевте және Алматыда. Енді сонің бірі Мәсімовтің аспаннан түскен қаулысымен жойылғалы жатыр. Кәрім-ака бұл мұражайды қайтсін, бар-жоғынан да бейхабар шығар. Ұсыным дайындаған -  министр Арыстанбек Мұхамедияұлы мен Мәдениет комитетінің төрайымы Ақтоты Райымқұлова.

Ең сорақысы, бұл Елбасынын тапсырмасы деп қоқиланады. Елбасы кітап мұражайын тарат деп пе? Өздері бұлдіріп, жаманатын Президентке жабатындары қалай? Осылармен Елбасы қалай көгереді? Екі шала музыкант осылайша Елбасының атынан мәдениетті тоздырып жатыр. Өз басым осында Мұхтар Құлмұхаммедтің жұмсауымен барып едім. Мені қойшы, тоз-тоз болатын сирек кітаптар мен қолжазбалардың обалы қайда? ...Аяқ астынан не Мұхтар Құл-Мұхаммед, не Дархан Мыңбай қайта оралып Министр бола қалса, қанша құнды жәдігер опаттан құтқарылар еді? "Нұр Отаным" да жұмған аузын ашпады. Содан соң қиялдап жатқаным ғой. Арыстанбек пен Ақтоты қиялдауға тыйым сала алмас!

Жүрсін Ерманның «Фейсбуктегі» парақшасынан алынды

 


 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар