Шымкентте сот орындаушысы ұсталды

/uploads/thumbnail/20170708151401167_small.jpg

Шымкентте пара алды деген күдікпен сот орындаушы ұсталды. Қаржы полициясынан хабарлағандай, Арыс ауданының сот орындаушысы жергілікті тұрғыннан 100 000 теңге алған. Осы ақша үшін ол әйелге қарызын қайтарып алу бойынша істің атқарылуын тездетуге уәде берген. Ш.Бибасарованы өзінің кабинетінде ұстаған. Оған қатысты ҚР ҚК 311-бабының 2-тармағына сәйкес, «пара алу» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. "ҚазАқпарат"

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар