Мереке қарсаңында күн суытады

/uploads/thumbnail/20170708151401798_small.jpg

Қазақстандық синоптиктер халықаралық әйелдер күні ауа райы суытады деп болжам жасады. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне «Қазгидромет» РМК жетекші инженер синоптигі Нұрсәуле Қуандықова хабарлады.

«8 наурызда күн суытады. Наурыз мерекесінде ауа райының қандай болатынын әзірше нақты айта алмаймыз. Ауа райы сол кездерде белгілі болады», - деді Қуандықова. «Біз болжағандай жақын күндері Батыс Қазақстанның суық антициклонының ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы 18-23 градусқа дейін, күндіз 3-18 градусқа дейін төмендейді. Қалған аумақ циклон ықпалында болады. Осыған орай қар жауады. Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарының кей жерлерде қар жауады. Бұл ауданда жел секундына 15,20 метрге дейін күшейеді, кейбір аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Кейіннен суық ауа райы Қазақстанның басым аумағын қамтиды. Тұрақсыз ауа райы сақталады», - деді Н.Қуандықова. Оның айтуынша, Қазақстанның солтүстік бөлігінде ауа температурасы -18°С -23°С дейін, күндіз -5°С -10°С дейін, ал оңтүстік бөлікте түнде -5,-15°С дейін төмендейді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар