Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл аулындағы жағдай жағдай қалыпты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Азаттыққа сілтеме жасап.
Азаттықтың хабарлауынша, ауылда полиция күзеті мен әскерилердің бақылауы әлі күшейтілген жағдайда көрінеді. Көшеде адам аяғы да саябырсып қалған. Көшелерде полиция көліктерді тоқтатып, тексеруді жалғастыруда. Алайда, ауыл сыртындағы әскерилердің қоршауы алынып тасталған көрінеді.
Сондай-ақ, Бурыл аулының үстінде бейнекамера орнатылған дрон ұшып жүр. Бұл құрылғы полиция мен әскерилерге ауылдағы жағдайды алақандағыдай бақылап отыруға мүмкіндік беретін болса керек.
Фотолар мен видео Азаттық сайтынан алынды.
Пікір қалдыру