Түрмедегілерді қорлау сәті түсірілген видео жарияланды

/uploads/thumbnail/20170708221658000_small.jpg

Ресейлік 66.ru порталы Екатеренбург түрмелерінің біріндегі сотталғандарды қорлау сәті түсірілген видео жариялады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Видеодағы оқиға ИК-2 деп аталатын түзеу мекемесінде болған. Портал аталған түзеу мекемесінің әкімшілігі сотталғандарды азаптау мен қорлаудың қалыптасқан жүйесін орнатқан деп жазады.

Атап айтқанда, түзеу мекемесіне жаңадан келген сотталғандар «карантин жасағы» деп аталатын жасақтың сынынан өтеді. Колония әкімшілігіне жұмыс істейтін сотталғандар оларға мекеменің «тәртібін» түсіндіретін көрінеді. Оған бағынғысы келмегендер соққыға жығылып, видеодағыдай қорлыққа ұшырайды.

Құқыққорғаушылар осы уақытқа дейін колониядағы заңсыз жүйені әшкерелейтін дәлел болмай келгенін, сотталушылар бостандыққа шыққаннан соң да колония әкімшілігінің заңсыз әрекеттері туралы шағымдануға сескенетінін айтқан.

«ИК-2 түзеу мекемесінде қорқынышты жағдайлар көп. Ондағы жатқандарк олония қызметкерлерінің түрлі «рәсімдері» мен «механизмдерінен» өтеді. Ол әрекеттерді тек қылмыс деп қана бағалау керек. Түрме белсенділері ол әрекеттерін кейін сотталғандарға шантаж жасау үшін арнайы видеоға түсіреді», - дейді Свердлов облысы қоғамдық бақылау кеңесінің мүшесі Дмитрий Рожин.

Ал, zona.media сайты осы видеодағы оқиға бойынша РФ прокуратурасының тергеу комитеті қылмыстық іс қозғағанын жазды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар