Саяси үгіт-насихат кезеңі басталды

/uploads/thumbnail/20170708221701515_small.jpg

Бүгін, 20 ақпан күні 20 наурызда өтетін кезектен тыс ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары  сайлауына қатысатын саяси партиялар өздерінің үгт-насихат жұмыстарын бастады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Осы уақытқа дейін ҚР Орталық сайлау комиссиясы 234 кандидатты қамтитын алты саяси партияның тізімін тіркеген еді. 
«Олардың ішінде 187 немесе 79,9 пайызы ер адам және 47 немесе 20,1 пайызы әйел адам. 233 кандидаттың жоғары білімі бар. Әрбір төртіншісі - инженер, ал әрбір бесіншісі экономист немесе заңгер. 67 кандидат (28,6 %) беймемлекеттік меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, 47-сі (20,1 %) - V шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттары. Тіркелген кандидаттардың орташа жасы - 52 жас, ал олардың ең жасы - 26 жаста», - деген еді сайлауға дайындық кезеңін қорытындылаған ҚР ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.
Естеріңізге салсақ, саяси партиялардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 18 наурыз күні түнгі 00:00-де  аяқталады. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар