Қазақ пернетақтасынан «қорқатын» троян табылды

/uploads/thumbnail/20170708222022674_small.png

«Доктор Веб» компаниясының мамандары жаңа трояндық бағдарламаны тапты, ол жұққан компьютерде қазақ тілі пернетақтасын байқаса жұмысын тоқтатып, өзін өзі жойып жібереді, - деп жазады ҚазАқпарат Cnews сайтына сілтеме жасап.

Windows құрылғыға залал келтіретін троян компьютерден қазақ тілімен қатар, белорусь, орыс және украин тіліндегі пернетақталарды байқаса өзін өзі жойып жіберетіндігі анықталған.

«Шамасы бұл вирусты әзірлеушілердің маркетингілік мақсатына байланысты секілді, мысалы  олар ТМД елдеріне троянның басқа нұсқасын таратуы мүмкін», - дейді «Доктора Веб» компаниясының сарапшысы Павел Шалин.

Жаңа троян BackDoor.Andromeda.1407 деп аталды. Оның негізгі мақсаты - вирус жазғандардың бұйрықтарын орындау, оның ішінде зарарлы бағдарламалық қамтылымды жүктеу және орнату, дейді мамандар.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар