Қырғызстандық блогер Шахрезада Аданова қазақтарды видеоролик ұрлады деп айыптауда, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Атап айтқанда, блогер «Қырғыз қыздарының сұлулық тарихы» атты видеороликті қазақстандық nur.kz сайты рұқсатсыз жариялап, қырғыздар тарихын қазақтікі етіп жариялаған деп отыр.
«Мына мынтип казак туугандар бизди тан калтырды! Кыргызча видео тасманы казактарга тиешелуу кылып алышкан.NUR.KZ -казакстандык сайт буга чейин limon.kg Кыргызстандык сайты тарткан "Кыргыз айымдарынын сулуулук" тарыхы деген видео роликти «Қазақ қызы 1900 жылдан бері қалай өзгерді?» деп озгортуп алышкан.
Бул менен эле токтоп калбастан музыкаларын да жасалгаларын да оздору каалагандай начар абалга алып келишкен.Капыстан кыргыз кызы атактуу модель,актриса Рахат Божокеева казак кызы болуп чыга келди.
Бирок биз башка бироонун эмгегин уурдап алуу уят-деп эсептейбиз.
Ошондой эле казакстандык кесиптештерибиздин да тажрыйбасыз,экенине жана табити начар экенине тан калдык-деп limon.kg сайты жазып чыгышты», - дейді блогер.
Бауырларының бұл «барымтасына» таң қалған қырғыз блогері «Ең болмағанда қазақ-қырғыз елінікі деп жарияласаңдар да болады емес пе?», - деген мысқыл жасайды.
Алайда, аталған мақала nur.kz сайтына 18 ақпан күні «Түркі халықтарының бойжеткендері 1900 жылдан бері қалай өзгерді?» деген тақырыппен жарияланған. Бірақ, осы сайтқа сілтеме жасап аталған роликті орналастырған басқа да қазақстандық сайттар белгілі болып отыр.
Пікір қалдыру