Валюта саудасы харам ба?

/uploads/thumbnail/20170708222128003_small.jpg

Валюталар құбылып тұрған қазіргі уақытта қандай да бір валюта түрін арзан кезінде сатып алып, қымбаттағанда қайта сатып, ақша жасауға бола ма? Әлде харам ба? Қанша дегенмен бұл жеңіл ақша және бәске тігу сияқты көрінеді. Валюта өседі не кемиді деп болжау жасаудың үкімі қандай?

Мирас Кесебай

Қандай да бір валютаны сатып алып, оны қымбаттағанда қайта теңгеге айырбас жасаудың күнәсі жоқ. Оны фиқһ тілінде «сарф» дейді. Мысалы, долларды арзан кезінде сатып алып, оны қымбаттағанда қайта теңгеге айырбас жасаудың ешқандай харам жері жоқ. Тек, айырбас - араға уақыт салмай жасалуы тиіс. Хадисте бұл нәрсе «Ядән би Ядин – қолма-қол» деп келеді. Егер, араға уақыт салынатын болса, риба, яғни, өсімқорлық болады[1]. Рибаға дінде рұқсат жоқ. 

Валюта қымбаттайды немесе арзандайды деп болжам жасаудың да ағаттығы жоқ. 

Абдусамат Қасым

islam.kz/

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар