Қазақтың біртуар ақыны Мұқағали Мақатевтың «Хат» деген өлеңіне танымал айтыскер ақын, сазгер, Қытайдағы Шыңжаң телеарнасындағы «Жолаушы» бағдарламасының жүргізушісі Қалихан Қабдырасолұлы ән жазған болатын, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Сахара сазын сахнаға шығарған сол әнді ақиық ақынның 85 жылдығына арналған салтанатты шарада арғы беттегі қазаққа танымал әнші қыздарымыз Алмагүл Жұмәділқызы мен Дина Азатқызы орындады. Ақын рухына арналған өлең-жырлар ішінде шоқтығы биік көрінген жаңа әнді жиын қатысушылары ерекше ықыласпен жылы қабылдады.
Қос әнші қыздың Алматы сахнасында өнер көрсетуіне Жазушылар одағының Жанарбек Әшіммжан, Бейбіт Сарыбай бастаған қызметкерлері жәрдем жасаған еді.
Ерлан Төлеубай
Пікір қалдыру