Матаев кімге жақпай қалды?

/uploads/thumbnail/20170708222132519_small.jpg

Қазақстан журналистер одағының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының президенті және «ҚазТАГ» халықаралық ақпарат агенттігі» ЖШС бас директоры Сейітқазы Матаев мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа бөлінген қаражатты жымқырды деп айыпталуда, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның Алматы қаласы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

«Алматы қаласы бойынша жемқорлыққа қарсы қызмет Ақпараттандыру комитеті мен «Қазақтелеком» АҚ-ға мемлекеттік саясатты насихатату және басылымдарда материалдарды жариялау үшін 2011-2015 жылдары бөлінген 300 млн.теңгеден астам қаражатты ұрлау фактілерін анықтады», - делінген жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан хабарламада.  

Сондай-ақ, Жемқорлыққа қарсы қызмет осы мақсатта аталған ведомстволар бір көзден сатып алу тәсілімен «КазТАГ» серіктестігі және «Ұлттық баспа клубы» қоғамдық бірлестігімен келісімдер бекіткенін, соған сай тапсырыс берушілердің басты шарттарының бірі - мемлекеттік саясат туралы ақпаратты ашық және қол жетіміді түрде халыққа жариялау болғаны айтылған.

Алайда, бұл шарттар орындалмаған. Ақпарат агенттігі мемлекет қаржысын төлеген материалдарды заңсыз жабық түрде жарияланған, ал азаматтарға оны оқу құқығы тек қосымша төлем арқылы беріліп келген.

Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Сейітқазы Матаевты заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты, салық төлеуден жалтарды деп айыптауда.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның Алматы қаласы бойынша департаменті таратқан хабарламада С. Матаевқа ұрлау және салық төлеуден жалтару фактілері бойынша айып тағылып отырғаны, аталған қылмыстарға қатысы барлығы дәлелденсе Қылмыстық кодексте 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгені айтылады.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар