САРАПШЫ: ТЕҢГЕНІҢ ҚҰЛДЫРАУЫНА РУБЛЬДІҢ ЫҚПАЛЫ ЗОР

/uploads/thumbnail/20170708222139004_small.jpg

Ұщттық валютаның құлдырауы, валюта нарығындағы ахуал туралы «Капитал» іскер ақпарат орталығына «BCC Invest» АҚ-ы коропоративтік қатынастар департаментінің басшысы Нұрғали Нұрмахамбетов айтып берген. Сарапшы теңгенің құлдырауының бір себебі ретінде Ресей рублінің құнсыздануын атайды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

«Валюта нарығына болжам жасау, қандай да бір пікір білдіру қиын. Бұл нарықты кім басқарып отырғанын білу үшін, теңгенің бұрынғы бағамын қалпына келтіру мүмкіндігін түсіну үшін мынадай бірнеше сұраққа жауап іздеу керек сияқты. Теңгенің құлдырауына не ықпал етіп отыр? неге ол девальвацияға ұшырады? Кімге доллар керек? Неге оны елдер жаппай сатып алуда? Осы сұрақтар төңірегінде ойлансақ біраз нәрсені түсінесіз», - дейді сарапшы.

Екінші мәселе – азаматтардың жинақтарын қай валютамен сақтайтыны. Біздің білетініміз, елдің көбі ақшасын еркін конвертацияланатын доллармен сақтайды. Яғни, доллар Ауғанстаннан Америкаға дейінгі біраз елдерде еркін қолданылады. Сол себепті, кез келген валютаның құны оның қажеттілігіне, қолдану қолайлылығына байланысты қалыптасады.

«Менің ойымша, бұған көптеген сарапшылар түрлі баға береді, теңгеге Ресейдің қысымы қатты болып отыр. Неге дейсіз бе? Егер рубль Ресейде 50 пайызға құнсызданып, бізде олай құнсызданбаса, кез келген адам теңгесін долларға айырбастап, Ресейге барып ол долларға рубль сатып алады. Сол ақшамен 50 пайыз арзанға керегін сатып алады. Екі ел арасында кедендік шектеудің жоқтығын ескерсек, бұндай жағдайлардың мүмкіндігі зор. Сондықтан, жұрт жаппай доллар сатып алуда. Халық және долларды жүздеп емес, мыңдап емес, тіпті, миллиондап емес, миллиардтап сатып алуда. Әрбіріміздің Ресейден көлік алып келген бірнеше танысымыз бар. қысым деген – осы», - дейді Нұрғали Нұрмахамбетов.

Нұрғали Нұрмахамбетов сонымен қатар, Қазақстанда доллардың қолдан-қолға өтуіне спекулянттардың да себепкер болғанын айтады. Солардың кесірінен азаматтар теңгемен жинаған ақшаларын түгел долларға алмастырып алды. Бірақ, барлығы олардың ойлағандарындай бола қоймады. Бұрын тек қымбаттаумен ғана көзге түскен доллар бағамының төмен де құлдырайтынын көріп отырмыз.

Соған орай, сарапшы теңгенің дәуірі әлі алда екеніне сенімді. Ұлттық валюта туралы айта отырып, ол теңгеге сенімді қайтару үшін одан түсетін пайда болу керектігін айтады.

«Бар болғаны адам теңгені қолданған пайдалы ма, пайдасыз ба, соны түсінуі керек. Ол үшін біз теңгені қолдана отырып, ештеңеден ұтылмайтынымызды, өзіміздің сатып алу мүмкіндіктерімізді жоғалтпайтынымызды түсінуіміз керек. Оның үстіне қазір теңгемен ашылатын депозиттердің кірісі жоғарылап келеді. Ұлттық валютаны қолдау деген осы. Алда да солай бола береді. Теңге ешқайда жоғалып кетпейді. Әрбір адам дүкеннен теңгемен сауда жасайды. Ал, егер сауда орындарында ел шетелдік валютамен саудаласатын жағдай туса, онда ұлттық валютаға нағыз қауіп төнгені», - деп санайды Н. Нұрмахамбетов.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар