BAT – ҚЫТАЙ ИНТЕРНЕТІНДЕГІ ҮШ АЛЫП

/uploads/thumbnail/20170708222141644_small.JPG

Мүмкін сіздер естіп жүрген боларсыздар, техникалық жетістігімен Қытай интернетінде орны өзгелерден бөлек, аты әлемге әйгілі Baidu, Alibaba және Tencent сынды компаниялар бар. Бұларды Қытайда қысқартып BAT деп атайды.

Ал, бүгінгі сөзге тиек болар басты тақырып, үш компанияның қалай барлыққа келуі, жуңгода тіпті дүние ғаламторында қаншалық дәрежеде ықпалды екені емес, қайта олардың көтерген тақырыбы және болашақ жоспары жайлы болмақ.

Бірінші Baidu кампаниясы

Каомпания Ли Янхұңның жетекшілігінде. Басты жұмыс түрі ғаламторлық іздеу. Қазіргі және болашақта көзде ұстаған мақсаты: «Байду роботы» [百度大脑] ;

Негізгі рөлі осы заманғы ақпараттық техникасынан пайдаланып, жасанды зердені барынша дамыту; машиналық үйрену (машинаны өздігінен үйрену арқылы кемелдену) мен жасанды зейін арқылы адамдардың ғаламтордан қажетті ақпаратты алу сапасын арттыру және басқа салаға қосалқы қызмет көрсету. Байду мамандарының айтуынша байду роботы 3-4 жас шамасындағы сәбидің ақыл-ойымен пара-пар.

Екінші Alibaba кампаниясы

Компания Джек Маның (Ма иұң) жетекшілігінде. Басты жұмысы ғаламторлық сауда ортасын құру мен дамыту және ғаламторлық ақша айырбасы (ақша айырбасын ғаламтор арқылы жылдам іске асыру) . Бастапқыда «Әлемде істеуге болмайтын қиын сауда жоқ!» деп ұран салған болатын.

Ал, қазіргі тақырыбы: деректік дәуір (интернет арқылы жиналған орасан зор санды мәліметтерді талдау, саралау, сараптау арқылы болашақты болжау) .

Мүмкін сіз естіген боларсыз, Alibabaның 2015 жылғы «Қос 11» күні (Қытайда әр жылдың 11-қарша күні тордан зат сатып алудың думанды күні деп жарияланған) интернеттік сауда айырбасы 91 миллиард 217 миллион юань болған (ескеріңіз, бұл тек 24 сағат ішінде болған сауда). Бұның 68 пайызы зерделі қол телефон арқылы жасалған.

Үшіншісі Tencent компаниясы

Компания Пони маның (Ма хуатың) жетекшілігінде. Бастапқыда ғаламторлық хабарласу құралы QQ желісі арқылы көпке танылған. Сонымен қоса, интернеттік ойын, блог және әлеуметтік желі өнімдері арқылы халықты өзіне баурап алған. Ал, бүгінгі күнде Wechat арқылы ғаламтордағы мықтылардың бірегейіне айналған.

Қазіргі көтерген тақырыбы: «Жалғау». Яғни, қарапайым сөбен түсіндіргенде - «Арамызды ғаламтор жалғасын». Интернет желісі арқылы адам мен адам арасын жалғап қана қоймай, келешекте материалдық дүниелер мен әлемдік желі арасында байланыс орнату (IoT).

Қазіргі таңда қытай интернеті қолданушылары уақытының 60-70 пайызын BAT сайттарына жұмсайды екен.

Егер де үш компанияны бір тұлға деп есептейтін болсақ, онда олар онлайн оқыту, білім алу, ғаламторлық іздеу, информация қабылдау, адамдар қарым-қатынасы, ақша айналымы, ойын, көңіл-ашар, кино саласы, денсаулық сақтау, саяхат, электронды сауда, жаңа медиа, т.б.  салаларға қатысты жұмыс істейді.  

Тәліп Нүсіпұлы,

IT маманы, Kazakhsoft.com сайтының жетекшісі

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар