Әсет Матаев, «ҚазТАГ» агенттігінің бас директоры: Бізден сайлау аяқталғанша елді шулатпауды сұрады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708222153504_small.JPG

Бүгін Алматы қаласы бойынша жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері тергеген Әсет Матаев «Азаттыққа» сұхбат берді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Тергеуден босаған Әсет Матаев әкесінің әлі Алматы қаласы бойынша Жемқорлыққа қарсы қызмет мекемесінде отырғанын айтып, тергеу барысы туралы баяндап берген.

«Бізді таңертең Алматы қаласы бойынша жемқорлыққа қарсы қызмет бастығына алып барды. Онда Шаттық Өтеевтен басқа (Алматы қаласы бойынша жемқорлыққа қарсы қызмет бастығы – ред.) Астанадан келген Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро жедел департаменті бастығының орынбасары болды. Ол бізге тағы бір қылмыстық іс қозғай алатындықтарын, баспасөз мәслихатын өткізсек, кейін шегіну қиын болатынын ескертіп, «Ойланыңдар. Біз істі шусыз жаба аламыз», - деді. Бірақ, әкем оларға «Олай болса, бұл істі ашудың қажеті қанша еді?», - деп наразылық білдірді. Әкем Астанада болғанда одан сайлау науқанында баспасөз мәслихатын өткізбеу туралы сұраған. Біз бір жарым ай бойы, қаңтардың басынан бері үндемедік», - деген Әсет Матаев қозғалған істің негізінен Инвестиция және даму министрлігінің шенеуніктеріне қатысты басталғанын айтып отыр.

Естеріңізге салсақ, бүгін таңертең «Ұлттық баспасөз клубы» ҚБ-нің жетекшісі, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев пен оның ұлы, «ҚазТАГ» халықаралық ақпарат агенттігінің бас директорын Алматы қаласы бойынша жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері тергеуге алып кеткен болатын. Оған сеніп тапсырылған мүлікті жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген айып тағылып отыр.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар