"Алауыздық тудырды" деген айыппен үш жылға сотталған азаматтық белсенді Ермек Нарымбаевқа қатысты бұлтартпау шарасы өзгертілді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Азаттыққа сілтеме жасап.
«Азаттыққа» бұл туралы Ермек Нарымбаевтың жұбайы Зоя Нарымбаева айтқан. Нарымбаевқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы сот отырысы бүгін түсте өткен. Сот шешімімен Ермек Нарымбаевқа қатысты бұлтартпау шарасы өзгертіліп, ол уақытша ұстау изоляторынан ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберілген.
Ол 18 қаңтардан бері тергеу изоляторында аштық жариялап жатқан болатын.
Естеріңізге салсақ, Мұрат Телібековтің «Ветер с улицы» кітабының үзіндісін жариялағаны үшін қоғамдық белсенділер Ермек Нарымбаев пен Серікжан Мәсбетәлин «Алауыздық туғызды» деп айыпталып, Е. Нарымбаев үш жыл, С. Мәмбетәлин екі жылға бас бостандығынан айрылған еді. Осыған дейін С. Мәмбетәлин өз кінәсін мойындап мәлімдеме жасаған соң ол аппеляциялық сот шешімі шыққанша қамаудан босатылған еді.
Пікір қалдыру