Бүгін, ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Назарбаевтың нұсқауларына сәйкес Қазақстанның Қарулы Күштерінде «Айбалта – 2016» ірі ауқымды жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқу-жаттығу дағдарыстық ахуалдарды оқшаулау кезінде әскерлердің іс-қимылдары мәселелерін пысықтауға бағытталған.
Оқу-жаттығу алғаш рет жауынгерлікке жақындатылған жағдайларда қысқы уақытта өткізілуде. Бұл оқу-жаттығудың ерекшеліктері үлкен қашықтықтарға қайта топтасуы және жедел әуеайлақтарға майдандық авиацияның көшірілуінен кейінгі әскерлердің іс-қимылдары, күрделі қысқы жағдайдағы іс-қимылдар болды.
«Оқу-жаттығуға «Астана» өңірлік қолбасшылығы, Аэроұтқыр әскерлері, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қатысуда. Сондай-ақ, біз Шекара әскерлерін, Ұлттық ұлан мен Әуе қорғанысы күштерін тарттық. Біз оқу-жаттығуды төмен температурада, қыста және әскерлер үшін таңсық жерде өткіздік. Сондықтан әскерлерді біз командирлердің бұл жерді білмейтіндей етіп таңдадық. Бірқатар жекелеген батальондар оңтүстіктен Меркі, Арыстан, бірқатар батальон, дивизион батыстан келді. Олар қазір келіп жатыр, тиеліп бітеді және белгіленген аудандарға шығады. Негізі мақсат – күрделі жағдайларда жұмыс жасау үшін штабтарды, әскерлерді даярлау, сондай-ақ жауынгерлікке жақындатылған, қысқы температурада әскери операцияларды жоспарлауға үйрету», - дейді ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев.
Оқу-жаттығу 2016 жылғы ақпанның 22-і мен 26-ы аралығында ұдайы орналасу пункттерінде, қозғалу бағдарларлары мен «Шығыс», «Сарыөзек» және «Спасск» полигондарында өтеді.
Барлығы оқу-жаттығуға 5 мыңға жуық адам, 1 500-ден аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника және шамамен 30 бірлік авиациялық техника тартылады.
«Бүгін бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру жөніндегі іс-шаралар өткізілді. Біз көрсетілген ауданға марш жасауға оқу-жауынгерлік тапсырма алдық. Онда жауынгерлікке жақындатылған жағдайларда бөлім штабымен жауынгерлік іс-қимылдарды жоспарлау жүргізіледі, ал бөлімшелердің жеке құрамы оқу-жаттығу бойынша шартты қарсыласты іс жүзінде жою жөніндегі тапсырмаларды орындайды. 177 адам және 52 бірлік техника тартылады. Оқу-жаттығудағы артиллерияшылардың міндеті шартты қарсыласты атыспен қолдау, жалпыәскери бөлімшелер мен бөлімдерді қолдау», - деп 28738 әскери бөлімінің командирі подполковник Жанат Расқұлов атап өтті.
Осы аптада оқу-жаттығудың негізгі кезеңдері өтетінін айта кетейік. Онда әскери қызметшілер әскерлердің далалық машығын, күрделі қысқы жағдайда іс-қимыл жасау кезінде жеке құрамның моральдық-психологиялық тұрақтылығы мен физикалық тұрғыдағы төзімділігін арттырады.
Пікір қалдыру