Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында жоғалған Мұхаммед Қамшыбек табылды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін кешке таман оңтүстіктік полицейлер ұрланған баланы Арыс қаласынан тапқан. Онымен бірге 1956 жылы туған, сырт келбетін іздестіру кезінде жасалған фотороботқа ұқсайтын келіншек болған. Күдікті ұсталып, тергелуде.
Мұхаммедтің анасы Жанна Ағабекова баласының жағдайы жақсы екенін, қазір оны Шымкентке алып келе жатқанын айтады.
«Баламыз аман екен. Бізге оны ана әйелмен бірге жүрген жерінен табылғанын хабарлайды», - дейді Ж. Ағабекова.
Естеріңізге салсақ, 20 ақпан күні Ордабасы ауданы Амангелді аулынан 6 жасар Маұхаммед Қамшыбек ұрланған болатын.
Пікір қалдыру