Алматы әкімі қалада тұрғын үй алу кезегінде тұрғандардың саны 26 мыңнан асатынын және олардың қатары жылдан-жылға артып келе жатқанын айтты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
«Тұрғын үй кезегінде тұрғандарды баспанамен қамту жұмысы халықтың сеніміне ие болды. Былтыр үй кезегіне тұруға өтініш бергендер саны 5 пайызға артты», - деген Б. Байбек үстіміздегі жылы үй кезегінде тұрғандарға 3643 пәтердің кілті табысталатынын айтты.
Кездесуде сондай-ақ, қала әкімдігі үлескерлер мәселесі мен жауапсыз құрылыс компанияларға шара қолдануды да назарда ұстайтыны айтылды.
Пікір қалдыру