Жоғалып табылған Мұхаммед Қамшыбек сұхбат берді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708222406537_small.jpg

ОҚО Ордабасы ауданында ұрланып, кеше табылған Мұхаммед Қамшыбек Шымкенттегі ақпарат құралдарына сұхбат берді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Tengrinews.kz –ке сілтеме жасап.

Бала өзін ұрлаған әйелдің мультфильмдер көрсетіп, уақытында тамақтандырып, тіпті дүкеннен шырын сатып алып бергенін де айтты. Болған жағдайдан шошынып қалған бүлдіршін қысқа ғана сөйлеген.

Баланың айтуынша, өзін ұрлап кеткен Балжан есімді әйел оны ренжітпеген. Мұхамед өзін ұрлаған әйелдің үйінде тағы бір қыз баланың болғанын жеткізді. Әйел адам баланы дәріханаға барып қайтуға шықырып, үйіне алып кеткен. Ата-анасын іздеген балаға әйел олардың жақын арада келетінін айтып жауап берген. "Мен анам мен әкемді қатты сағындым", - деді Мұхаммед Қамшыбек.

Бала үнемі анасын құшақтап отырды, ол тамақ ішкісі келетінін айтты. Баланың анасы болса осы уақыт бойы қатты алаңдағанын, қатты қорыққанын жеткізді. "Қазір мен бақыттымын, бәріне алғыс айтамын. Қазақстандықтарға балаға абай болуға кеңес беремін", - деді баланың анасы.

Естеріңізге салсақ, жоғалып кеткен Мұхаммед 23 ақпанда Арыстан табылды. Оның қасында 59 жастағы әйелдің болғаны анықталды. Оның түр-келбеті фотороботпен сәйкес келеді екен. Облыстық ІІД әйелдің ұсталып, оның үстінен "Адам ұрлау" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар