Матаев екі ай мерзімге үй қамаққа алынды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708222451256_small.jpg

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 соты жемқорлық қылмыс жасады деп айыпталға Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевты екі ай мерзімге үй қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы қабылдады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы «Астана» арнасына сілтеме жасап.

Сот қаулысы бүгін кешке жарияланды. Сотта жедел-тергеу тобының жетекшісі мен прокурор осындай бұлтартпау шарасын қолдануды, Матаевтың қорғаушысы кепілдікпен босатуды сұраған болатын. Үй қамаққа алынған Матаевқа ғаламторды қоса алғанда, байланыс құралдарының барлық түрлерін пайдалануға тыйым салынды.

Сейітқазы Матаевтың өзі тағылған айыппеен келіспейтінін және елден ешқайда кету ойы жоқтығын, кінәсіздігін дәлелдейтінін айтты.

Естеріңізге салсақ, Сейітқазы Матаевқа Алматы қаласы бойынша жемқорлық қылмыстарға қарсы іс-қимыл департаменті аса ірі көлемде қаржы жымқырды, салық төлеуден жалтарды деген айып тағып, қамауға алған болатын. Жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері, соныен қатар Сейітқазы Матаевтың ұлы, «ҚазТАГ» ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаевты да тергеген еді.

 

 

,

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар