Біріккен ұлттар ұйымының тұрғындар мәселесі жөніндегі қоры (ЮНФПА) жүргізген зерттеулер осындай нәтиже көрсеткен, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
«ЮНФПА 2011 жылы жастар арасында арнайы зерттеу жүргізген. Оның нәтижелері жастардың 64,6 пайызы кәмлеттік жасқа толғанға дейін, мектеп қабырғасында-ақ алғышқы жыныстық қатынасқа түсетінін көрсеткен. Нақты айтсақ, жастарымыздың 13,6 пайызы алғашқы жыныстық қатынасқа 15 жасқа дейін түскен,ал, 18 жаста жастардың 50 пайызы жыныстық тәжірибе жинақтап үлгерген. Жасөспірімдердің басым бөлігі ретсіз жыныстық-қарым қатынастан болатын қауіптерге бас қатырмайды. Жыныстық тәжірибесі бар жасөспірімдердің 40 пайызының екі немесе одан да көп «әріптесі» болған», - дейді БҰҰ қорының Қазақстандағы атқарушы өкілі Райымбек Сисемәлиев.
Сондай-ақ, ол зерттеуге қатысқан жүкті және бұрын жүкті болған әйелдердің 62 пайызы аборт жасатқандықтарын айтқан. Оның айтуынша, осы тақырыптағы ақпаратқа қол жетімділіктің кемдігінен жас қыздардың арасындағы жүктілік саны жоғары болып отырған көрінеді.
Мәселен, 2010 жылы 15-19 жас аралығындағы қыздардың жүкті болу көрсеткіші 1000 адамға 28,3 –ті көрсеткен. Ал, 2014 жылы бұл көрсеткіш 34,7-ге жеткен.
«Бұл экономикалық және әлеуметтік даму ұйымы елдеріндегі көрсеткіштен 6 есе артық екенін айта кету керек. Бұл елдерде аталған көрсеткіш 1000 жасөспірім қызға 4,6 деңгейінде болып отыр», - деген Р. Сисемәлиев.
Ол осындай анадан туған балалардың да ерте жүкті болу ықтималдығын жоққа шығармайтынын айтқан.
Мемлекеттің 5 жылда осындай жасөспірімдер арасындағы жүктілікке жұмсайтын шығыны 100 миллион долларды құраған. Сарапшылар бұл жерде тін қаражатты есепке алғандарын айтады.
«Бұл қаражат жасөспірімдер арасындағы жүктілікті қолдауға жұмсалып келді десе де болады. Сондықтан, мұндай жағдайдың алдын алу үшін жұмыс істеу керек», - дейді Р. Сисемәлиев.
Қор мамандары мәселені шешу үшін жыныстық және репродуктивті денсаулықты қорғау туралы ақпараттарға қол жетімділікті арттыру қажет деген әдеттегі «әләулайларын» ұсынған. Ерте жүкті болу мәселесін шешу үшін қыздардың мектеп бітіргеннен кейін де оқуын жалғастыру, ерте және мәжбүрлеп некелестірудің алдын алатын заңдар қабылдау керектігін айтады.
Қор өкілдері Шығыс Қазақстан облысында колледж студенттерінің сексуалды және репродуктивті денсаулығын қорғау мақсатында валеология пәнін жетілдіре оқыту бойынша пилоттық жобаны жүзеге асырып жатқан көрінеді.
Жомарт Абдоллаұлы
Пікір қалдыру