Атырау қаласының 29 жастағы тұрғыны облыстық сот алдына келіп, өзін-өзі өртемек болған, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы «Ақ жайық» басылымына сілтеме жасап.
Суицид жасауды ойлаған азамат сот ғимаратының алдына үстіне бензин құйып алып келген көрінеді. Туысымен тұрғын үй және жер учаскесіне байланысты соттасып жүрген ол сот шешіміне наразылық ретінде өзіне от қойған. Соттағылардың айтуынша, ол үкім өз пайдасына шыққанымен, өтемақы көлеміне келіспеген көрінеді.
Осот қызметкерлері өртті дер кезінде сөндіріп, оқиға орнына жедел-жәрлем шақырған. Қазір ол облыстық аурухананың №2 хирургия бөлімшесіне жатқызылған. Дәрігерлер «Мойын және білезік аумағының 2,3-сатылы күйігі» деген диагноз қойған.
Пікір қалдыру