Атырауда ұсталған жүргізуші полиция көлігінде өзін-өзі ұрды. Ер адам камераның түсіріп жатқанын сезбей, өз бетін жұдырықпен түйіп-түйіп жіберді, - деп жазады Today.kz.
Оқиға 24 ақпанда түнгі уақытта "Жұлдыз" ықшамауданында болған. Қаладан шыға берісте полиция 35 жасар қостанайлық басқарған Lada Largus көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде көліктен жалпы салмағы 210 киллограм болатын, қандайда бір құжатсыз тиелген сазан балықтар анықталған.
"Жүргізуші таныстарына қоңырау шалып, телефонды полицейлерге бере алмаған соң, өзін бірнеше рет жұдырықпен ұрып, "102" кезекші бөліміне полиция қызметкерлері қол көтерді деп хабарлаған", - дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.
Қазіргі кезде құжатсыз балық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал "соққыға" жығу фактісі бойынша Атырау облысы ІІД қауіпсіздік қызметі айналысуда.
Пікір қалдыру