Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Мәжіліс сайлауына ұсынылатын үміткерлердің есімдері белгілі болды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
ҚХА кеңесі Мәжіліс депутаттығына 9 үміткерді ұсынып отыр. Олар 21 наурыз күні өтетін Ассамблея құрылтайында сайланатын болады.
Тізімде соңғы шақырылымдағы Мәжіліс депутаттары Роман Ким мен Юрий Тимошенко, «Егемен Қазақстан» газетінің президенті Сауытбек Абдрахманов, Ішкі істер вице-министрі Владимир Божко, республикалық ұйғыр этно-мәдени орталығының төрағасы Шаймардан Нұрымов, Қызылорда қаласындағы бір мектептің директоры Наталья Жұмаділдаева, Дүңген этно-мәдени орталықтары қауымдастығының басқарма мүшесі Шәкір Хаказов, армян этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Наринэ Микаелян бар.
Пікір қалдыру