Алматы қаласында рұқсатсыз салынған ғимарат сот шешімімен қиратылды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Ғимарат иесі Арсен Оразов сот шешімін орындап, ғимаратты өз еркімен қирату туралы шешімге келген.
Бостандық ауданы Алатау ықшамауданындағы ғимаратты қирату туралы сот шешіміне оның биіктігі емес, ғимаратты салуға рұқсат беретін құжаттардың болмауы негіз болған.
«Өкінішті, әрине. Мен барлығын өз еркіммен құлатып, құрылыс материалдарын қайырымдылық жобаларға беруге оқталып едім. Мұның бәрі ақша ғой. Осы мейрамхананы салу үшін кезінде екі аәтерімді саттым, қарызға баттым», - дейді кәсіпкер.
Пікір қалдыру