23 ақпанда Алматыда ҰҚК шекара қызметінң офицері өзін-өзі атып, көз жұмған болатын. Осы оқиғаға орай, ІІМ Оңтүстік өңірлік Әскери-тергеу басқармасы мәлімдеме таратты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
ӘТБ аталған оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» 105-бабы бойынша іс қозғалған.
«Қажетті тергеу шаралары жүруде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды», - делінген тергеу органы таратқан хабарламада.
Естеріңізге салсақ, 23 ақпан күні ҰҚК Шекара қызметінің Алматы қаласында орналасқан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында жедел кезекшінің көмекшісі болып отырған жерінде 1977 жылы туған, аға лейтенант шеніндегі Д. Амантаев табельдік қарудан өзін-өзі жарақаттап, көз жұмған болатын.
Пікір қалдыру