Алты Алаштың көсемі Әлихан Бөкейханның өмірі, сан қырлы қызметі мен еңбектері туралы алаштанушы Сұлтан Хан Аққұлұлының қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі зерттеу, мақалалар және сұхбаттар жинағының «сүйінші» данасы басылып шықты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Жинақтың басылуына «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорыны қаржылай демеушілік жасаған. Кітаптың жалпы таралымы – 1000 дана.
Алаш тақырыбына бей-жай қарамайтын қалың оқырманға арналған кітап 2 аптаның ішінде Алматы мен Астана қалаларының кітап дүкендерінде сатылымға шығады. Сатып алушылар асықсын. Жинақ 1 мың данамен ғана жарық көрді.
«Таяуда қазақ тілінде Әлихан Бөкейхан туралы тұңғыш 2 томдық монография жарық көреді. Шығармада тарихи-мұрағаттық құжаттар мен дерекөздер негізінде қазіргі Қазақ елінің іргетасын қалаушы Әлиханның дүниеге келген сәтінен 1937 жылы Мәскеуде ОГПУ-НКВД-ның тас қапасында ату жазасына кесілген күніне дейінгі ғұмырлық жолының беймәлім сәттері, сан қырлы қызметінің жұмбақ болып келген қыр-сыры баяндалады», - дейді әлихантанушы Сұлтан Хан Аққұлұлы.
Пікір қалдыру