Алматы әкімінің өкімімен жер қатынастары басқармасының басшысы Ержан Құрмашев қызметінен босады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Басқарма басшысының міндетін уақытша атқару оның орынбасары Нұрлан Құлболдиновқа жүктелді.
Нұрлан Тәңіртайұлы Құлболдинов 1964 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы сәулет-құрылыс институтын,, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған. Әр жылдары құрылыс инженері, қалалық жер қатынастары комитетінің маманы болып қызмет атқарған.