Сириядағы соғыстан қашып, Қарағандыға паналағандар Қазақстанда қалатын болды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708223246595_small.jpg

Соғыстан қашып, Қазақстандағы туыстарында жан сауғалаған сириялық отбасы Қарағандыда сәуірдің ортасына дейін қалатын болды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы «Астана» арнасына сілтеме жасап.

Жергілікті көші-қон полициясы қайын жұртын паналаған Ясер Алезалдин мен оның 5 баласына қазақ жерінде уақытша тұрақтау мерзімін тағы үш аптаға созған. Бұл туралы "Астана" телеарнасына сириялық азаматқа тұрмысқа шыққан Сандуғаш Раисованың әпкесі Алмагүл Раисова айтты.  Сириялық отбасы өздерінің атыс-шабыстан бас сауғалаған «босқын» екендерін дәлелдеу үшін қаладағы Қазыбек би аудандық сотына шағымданыпты. Іспен қоғамдық қорғаушылар айналыспақ. Дау-дамай шешілгенше сириялықтар Қазақстаннан қуылмайды. Сондықтан облыстық көші-қон полициясы отбасының уақытша тұрақтау мерзімін ұзартқан. 

Алмагүл Раисова, Сандуғаш Раисованың әпкесі:

Бұл менің күйеу балам. Оған босқын дәрежесін береді деп үміттенемін. Өзінің елінде әлі соғыс жүріп жатыр. Сіңілімді ол елге жібере алмаймын. Балалары бар, әлі кішкентай.

 Еске салсақ, Қазақстан азаматы Сандуғаш Раисова, отбасымен былтыр тамызда Сириядағы соғыстан қашып, Қарағандыдағы туыстарын паналаған. Заң бойынша қуғын-сүргінге ұшырамай, өз еріктерімен жер аударғандықтан, оның күйеуі мен балаларына «босқын» мәртебесі берілмейді. Олардың визасының мерзімі наурыздың 25-не аяқталуы тиіс болатын.   

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар