Қарағанды облысында аудан прокуроры жұмыстан қуылды

/uploads/thumbnail/20170708223341486_small.JPG

Қарағанды облысындағы Жаңаарқа ауданының прокуроры Алмас Айтбеков Ар-ұждан кодексін бұзғаны үшін жұмысынан босатылды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Жаңаарқа ауданының прокуроры А.Айтбеков Қарағанды облыстық прокуратураның Тәртіптік комиссия шешімінің негізінде жұмыстан шығарылды,  - делінген облыстық прокуратура таратқан хабарламада.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен түсіндіргендей, аудандық прокурор қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғамен процессуалдық емес байланысқа түсіп, сондай-ақ қылмыстық қудалау органы тарапынан пара бопсалауға қатысты өтініш бойынша шаралар қолданбаған. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар