Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев қазақстандықтарды ақшалай жинақтарының жартысын шетелдік валютада сақтауға шақырды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
«Болашақта біз ұлттық валютадағы депозиттер көлемі артады деп күтудеміз. Теңгенің айырбас бағамы нығаю бағытына да, әлсіреу бағытына да өзгеру жағдайында Ұлттық банк азаматтарға өз жинақтарын «50 де 50» қағидасы бойынша диверсификациялауға кеңес береді. Жинақтардың 50 пайызын теңгемен, қалғанын шетел валютасымен ұстауға болады», - деген Данияр Ақышев Сенаттың пленарлық отырысында.
Д. Ақышевтің ойынша, бұл жинақтарды тиімді жолмен сақтауға болатын қалыпты стратегия көрінеді.
Пікір қалдыру