Жол үстінде селфи жасаған қыз жүргізушілердің жынын келтірді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708223450581_small.jpg

Қызылорда қаласында STAN.KZ  сайтының түсіру тобы арнайы эксперимент жүргізді. Экспериментте жая жүргіншілерге арналған жолақ үстінде тұрып селфи жасаған қызға көлік жүргізушілердің реакциясы сыналды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Эксперимент барысында Қорқыт ата көшесіндегі  жаяу жүргінші жолағымен асықпай өтетін бойжеткенді жүргізушілердің 90 пайызы балағаттап кеткен. Жартысынан көбі жол бойында телефонмен сөйлескен қызды күтпестен алдын орап өткен.

Сондай-ақ, басын бәйгеге тігіп, селфи жасамақ болған қызды көлік терезесінен басын шығарып тұрып балағаттаған шопырлар да болған.
 Жаяу жүргінші өткелінде тоқтап тұрған полиция көлігі азаматтарға тездетіп жүруді бұйырады. Телефонмен сөйлесіп, асықпай өткен біздің сайт актрисасына полиция қызметкері “Тез жүр, әкең салып берген жол ма?!” деп айқайлайды.

 

Қатысты Мақалалар