Польша президенті Анджей Дуда мінген көлік Ополе қаласының оңтүстік-батысында жол апатына ұшыраған. Президент көлігінің жол апатына ұшырауына дөңгелегінің жарылуы себеп болған, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Укринформ-ға сілтеме жасап.
Дөңгелегі жарылған көлік икемге келмей жолдан шығып кеткен. Апат салдарынан президент басқа көлікке отыруға мәжбүр болған.
«Көлік бір уақытта басқаруға бағынбай кетті, бірақ, Үкімет күзет қызметінің жүргізушісі кәсіби шеберлігін көрсете білді. Офицер машинаның тізгініне тез ие болып, біз ештеңеге соғылмай аман қалдық», - деген Дуданың өзі.
Пікір қалдыру