Жалпыұлттық социал-демократиялық партия мүшелерінің Алматыдағы кездесуінде өзін «Нұр Отан» партиясының мүшесімін деп таныстырған Рахат Икибаев есімді азамат оппозициялық партияға сәттілік тілеген болатын, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
informburo.kz аталған азамат туралы «Нұр Отан» партиясына сауал жолдап, оның шынымен де билік партиясының мүшесі екендігіне көз жеткізген.
«1963 жылы туған Икибаев Рахат Қалиакпарұлы 2009 жылдан бері «Нұр Отан» партиясының мүшесі, «Нұр Алматы» бастауыш партия ұйымы құрамында тіркеуге алынған», - делінген «Нұр Отанның» жауабында.
Пікір қалдыру