Жалпыұлттық социал-демократиялық партия саясаткер Петр Своикті партия қатарынан шығармақ, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ЖСДП-ның фейсбукте таратқан мәлімдемесіне сілтеме жасап.
«ЖСДП партиялық жиыны арқылы, Петр Своик партия қатарынан шығарылатын болады» делінген партияның әлеуметтік желіде жариялаған хабарламасында. Саясаткердің ЖСДП сапынан қандай жолмен шығарылатыны туралы нақты ақпарат әлі жарияланбады.
Сайлау додасы басталғанда саясаткер Петр Своик ЖСДП-ның партиялық тізіміне енген болатын. Алайда, оның бұған дейінгі Ресей бастаған Еуразиялық экономикалық одақ пен РФ басшысы В. Путиннің саясатын қолдайтын ұстанымдары қоғам мүшелерінің наразылығын туғызған болатын.
Электораттың наразылығы партия жетекшілігінің П. Своикті қатарларынан шығару туралы шешіміне себеп болып отыр.
Пікір қалдыру