Шанхайда кәсіби ММА (ережесіз жекпе-жек) бойынша өткен турнирде қазақстандық спортшылар Қуат Хамитов, лақап аты «Найман» мен Айбек Нұрсейітов чемпион атанды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Inboxing.kz – ке сілтеме жасап.
Әлемдік додада Қуат WBK нұсқасы бойынша (170 келіге дейінгі салмақта) әлем чемпионы, украиндық спортшы Андрей Митрофановпен кездесіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Бұған дейін Қ. Хамитов жеңіл салмақтағы (70 келіге дейін) әлем чемпионы атанғаны, кейін оны бос қалдырып, келесі салмақ категориясы бойынша чемпиондыққа ауыз салғаны белгілі.
Осы туринирде тағы бір жерлесіміз Айбек Нұрсейітов франциялық Майкл Дубойспен кездесіп, WBK нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы (70 келіге дейінгі) әлем чемпионы атағын жеңіп алды.
Пікір қалдыру