Ақтаудағы жастар орталығының ғимаратында «Көктем аруы-2016» байқауы өтті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Байқауға қаладағы жоғарғы және орта білім тоғыз мекемесінен 12 бойжеткен қатысты. Жеңімпаздар сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Шараның ұйымдастырушысы Әзиза Қобыланова: «байқауға қатысу - бірінші кезекте құрбылармен достасу, сондай-ақ пайдалы тәжірибе алу мүмкіндігі»,-деп есептейді.
«Сәлемдесу» атты бірінші кезеңде байқауға қатысушылар өздері туралы қысқаша баяндауы тиіс болды. «Дефиле» атты екінші кезеңде бойжеткендер қазақша киім үлгісін дайындады. «Сұрақтар мен жауаптар» атты үшінші кезеңде қатысушылар қазақтың салт-дәстүрлері және ел тәуелсіздігіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Ал «таланттар байқауы» атты төртінші кезеңде олар өздерінің ән, би және ақындық шеберлігін танытты.
«Байқау қорытындылары бойынша бірінші орын мен «Көктем аруы-2016» атағына Маңғыстаудағы өнер колледжінің студенті Әдемай Ашықбаева лайықты деп танылды. Екінші орын мен «Әсемдік аруы» атағын Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінде білім алып жүрген Жаннат Қуанышова олжалады. Үшінші орын мен «Талантты ару» атағын Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің студенті Роза Кенжебаеваға берілді», - деп атап өтті Әзиза Қобыланова.
Пікір қалдыру